Өлең, жыр, ақындар

Анама

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ей адамдар, аялаңдар ананы,
Ана деген асыл жан гой бағалы.
Ана деген бағбаның гой саялы,
Жүрегі кең, алақаны аялы.

Жер бетінде кім мықты десе егер,
Ана деп жар салуға шамам келер.
Мен білем ең мықтының мықтысы,
Ана деген көзім жетті сене бер.

Ей адамдар қадірлеңдер ананы,
Ана деген асқақ тұлға бағалы.
Жүрегі кең, пейілінен нұр жауған.
Ана деген өміріңнің қорғаны.

Мен білмеппін қадіріңді өзіңнің,
Кешір ана кінәлімін, енді ұқтым.
Жас кезімде ерте кетіп теңіммен,
Ерте атандым ана болып өзімде.

Өмір сүрдім, өзгелерден кем қалмай,
Жастай жаным аңғармаппын көп жайдай.
Бірақ Ана тәрбиеңіз бойымда,
Үлкендерді сыйлау менің ойымда.

Ана жаным ауырмашы, тілегім,
Бір Алладан жалбарынып тіледім.
Қиын күндер артта қалсын,оралмай
Жаратқаннан жақсы күндер тіледім.

Ана жаным сіз болмасаң қайтер ем,
Жарық күнді көру маған арманең.
Ана сіздің арқаңызда адам боп,
Жүрмін міне ұстаз болып, пана боп.

Ана сізге алғысым шексіз менің,
Жүрегімде жатталып қалды есімің.
Алла алдында өзіңе борыштармын,
Дұға тілеп, амандықты тіледім.

Ана жаным, аман болшы ауырма,
Арамызда ойнап күліп жарқыра.
Осы үйдің берекесі өзіңсіз,
Қуанышқа бөлене бер мұңайма.


Ей адамдар қадірлеңдер ананы,
Ана деген асқақ тұлға бағалы.
Жүрегі кең, пейілінен нұр жауған.
Ана деген өміріңнің қорғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анама өлеңінің авторы кім?

Botaeko — осы өлеңнің авторы.

Анама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Анама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Botaeko өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.