Ішкіш әйел

Бұл бетте «Ішкіш әйел» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6130
Үкімет те алдады, дос та алдады.
Алдап кетті тағдырдың қосқан жары.
Ағайыннан, жердегі туыстардан
Жұлдыз жақын тәрізді аспандағы.
Бәрі есінде, алғашқы өкінген күн,
Ішке тартып үн-түнсіз отыр демін.
Ана болсам деп еді, үзілді үміт,
Сәби қалды үйінде жетімдердің.
Бақыт өзі немене? Атап қара,
Тіршілігі - жәй жүрген атақ қана.
Көз ашқалы көргені - тесік қалта,
Өмір сүрген мекені - жатақхана.
Қаңбақ өмір, ұстатты жел кемеден,
Сәті де жоқ бір жанға еркелеген.
Үміті жоқ, ертеңді ойламауға
Арақ ішіп алады ертеменен.
Жанарында тамшы боп тұнады арман,
Ішкіш етті, амал не, мына жалған.
Бір кезде ол аяулы қос ғашықтың
Тұңғышы еді-ау төңірден сұрап алған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ішкіш әйел өлеңінің авторы кім?

Ақұштап Бақтыгереева‎ — осы өлеңнің авторы.

Ішкіш әйел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ішкіш әйел өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ішкіш әйел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері