Өкініш

Бұл бетте «Өкініш» атты Шот-Аман Уәлиханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Омар Хайям сарынымен)
Қалдым ауырып, жаныма келме жақын,
Бейшарамын, пақырмын емес ақын.
Жұлдыз санап жатырмын ұйқым келмей,
Болмаған соң бұрынғы бойда қарқын.
Басым ауырып барады, басым ауырып.
Айналаның алдым-ау бәрін жау ғып.
Жүзім-дағы болыпты ақ қағаздай,
Алла, мені қоясың қашан сау ғып?
Ұят болды-ау ішкенім шама білмей,
Енді міне жатырмын көзімді ілмей.
Әйелімнің етегі жасқа толды
Тыныштығын бұзған соң тыныш жүрмей.
Бұлбұл едім сайраған бақшадағы,
Қоршалады жын-шайтан қай-қайдағы.
Қасіретке қайратты жанып алып,
Иілмейтін емендей болам-дағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініш өлеңінің авторы кім?

Шот-Аман Уәлиханов — осы өлеңнің авторы.

Өкініш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкініш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шот-Аман Уәлиханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері