Қайран, елім-ай, өскен жерім-ай – Шот-Аман Уәлиханов

Бұл бетте «Қайран, елім-ай, өскен жерім-ай» атты Шот-Аман Уәлиханов жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қара жерді, әлемді дүр сілкінткен,
От-бағана атылып көкке жеткен,
Құйын тұрып, аспанда бұлттар жүйткіп,
Бұл не қылған алапат өлім сепкен?!

Дегелеңнің таулары қақ жарылды,
Бабалардың зираты ақтарылды.
Атамекен жұртымыз ойран болып,
Екі көзден тиылмай жас ағылды.

Қайырмасы:
Қайран, елім-ай,
Өскен жерім-ай!
Жайлаған кең алқапты,
Тіріден із қалмапты.
Атпаған таңдарым-ай!
Уланып тәні тозған,
Өмірден ерте озған,
Жазықсыз жандарым-ай!
Қайран, елім-ай,
Өскен жерім-ай!
Беу, дүние-ай!

Жүре алмайтын бүкпесіз, құпиясыз,
Небір апат әкелген елге сансыз.
Бауыр басып, қапыда іштен шалған,
Ұлы елдердің құрбаны болдық-ау біз.

Бұл қорлыққа әрқарай төзе алмаймыз,
Жат елдерге енді құл бола алмаймыз!
Еркін елім, қаһарман ерлер барда,
Болашаққа арайлы жол таңдаймыз.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран, елім-ай, өскен жерім-ай өлеңінің авторы кім?

Шот-Аман Уәлиханов — осы өлеңнің авторы.

Қайран, елім-ай, өскен жерім-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран, елім-ай, өскен жерім-ай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қайран, елім-ай, өскен жерім-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері