Əуелеп ұшқан алты қаз… – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Əуелеп ұшқан алты қаз…» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 4048
Өрмектің жүзін аудардым,
Өрмектің жүзін…
Көзімнен ұшты көктем, жаз,
Төрлетті күзім,
Əуелеп ұшты алты қаз,
Əуені мұңлы,
Əлдиін айтып тентегін тербетті қызым.
Шақырмай келген Қонағым татардан жаман,
«Шаршадым, – дейді, – шалдығып», –
Отарбам маған.
Халімді қайтсін, құдай-ау, қарашадағы
Жанымды жалмап,
Қанымды қотарған заман.
Əуелеп ұшқан алты қаз,
Қайда беттедің?
Көзіңнен бал-бұл ұшты ма Лəйлə-Көктемің?
Өмір дегенің осы да –
Өлшемді сəтте
Ойға кеткенің белгісіз, сайға кеткенің…
Əуелеп ұшқан алты қаз –
Алты мұңлығым.
Самарқау күздің сездің-ау салқынын бүгін.
Өзім де төрден қуа алмай жайсыз Қонақты,
Өзім де өрге шыға алмай… алқынулымын.
Əуелеп ұшқан алты қаз…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері