Жігіттің жалқау келер жамбасшылы
Бұл бетте «Жігіттің жалқау келер жамбасшылы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жігіттің жалқау келер жамбасшылы.
Алтын мен күміске аян алмас құны.
Өзектен өніп шыққан өрімталдай
Жақсының қандай жақсы жалғастығы?!
Жігіттің сертке серік сергектігі.
Көрінер көзге көркем жер көктігі.
Бабаның аруағы аунап түсер,
Баланың уілдесе жөргекте үні.
Жалғанда жамандар көп, жақсылар аз.
Аулада тауық көп те, тапшы қораз…
Жетпейді миғұлаға айтқан сөзің,
Өтпейді байшікеш пен бақсыға наз.
Жігітті көш бастаған Серке делік,
Жанында жары жүрер еркеленіп.
…Атар таң, батар күннің арасында
Не жетсін кеш кеткенге, ерте келіп…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі