Өтті өмір – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өтті өмір» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1278
«Өмір дегенің – бір күндік сəуле екен ғой…»
Мұқағали

Өтті өмір нөсерлетіп, жауындатып,
Селдетіп,
Борандатып,
Дауылдатып, –
Күнімді күркіретіп, дүркіретіп,
Жүгімді жүрген сайын ауырлатып.
Өтті өмір алай-дүлей қас қағымда,
Жай ойнап жазатайым аспанымда.
Ажалым аңдып отыр аяқ жақта,
Кемпірім қалғып отыр бас жағымда.
Жанарым жасаурайды əлденеге…
Жаратқан жан-денеге əл бере ме?
Шапағын шашыратып шартарапқа
Құдай-ау, тағы да бір таң келе ме?!
Құдай-ау, тағы да бір күн келе ме?!
Күн көзі зіл денеге нұр бере ме?
Тұншығып кеудемдегі сəби сəуле,
Тіршілік келмей жатыр тілге неге?
…Өтті өмір,
Амал қанша,
Шарам қанша.
Қай заман қайта туып, жаралғанша?..
Келмеске бетім бұрдым,
Не тындырдым?
«Той тарқар, – деген бар, – таз таранғанша».
Өтті өмір…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтті өмір өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өтті өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтті өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өтті өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері