Тауға да ұрдың басыңды – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Тауға да ұрдың басыңды» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 784
Тауға да ұрдың басыңды, тасқа да ұрдың,
Баспау үшін төбесін басқа қырдың.
Байлығыңды аңдыған дұшпаның көп,
Есігіңді абайсыз ашпа, құрбым.
Тағдыр атты өттің де сан сынақтан,
Жүрегіңді жұбаттың тамшы қатқан.
Ай астында ұлыған Бөрі тегің
Өзіңді алғы күндерге қамшылатқан.
Ай астында ұлыған Бөрі тегі,
Сені де ұсақ тірліктен жерітеді.
Жараланса жүрегің, тас шайнадың,
Ыстық демің тасты да ерітеді.
Пейіліңе беріпті кең даланы,
Кең даладан айрылсаң, нең қалады?
Не болады көз сатқан көршіңіздің
Саған ақыл үйретсе кембағалы?!
Шетсіз-шексіз осынау құм даладан,
Мың сан шырақ қалыпты Мың баладан.
Әр шырақтың түбінен тіріліпті
Сәби үні естіліп іңгәлаған.
Сені көрсе, ажал да тасаланды,
Сен туғыздың Нұртуған, Қашағанды.
Ақтау үшін олардың аманатын,
Өлме, қазақ, өлме, сен, жаса мәңгі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тауға да ұрдың басыңды өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Тауға да ұрдың басыңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тауға да ұрдың басыңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тауға да ұрдың басыңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері