Күзгі көңіл

Бұл бетте «Күзгі көңіл» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 788
Күз жылайды күнiмен, күз жылайды түнiмен,
тұнжырайды күнiмен, тұнжырайды түнiмен.
Жұмсақ, бiрақ ап-ауыр дыбысы оның қосылар
кеудемдегi сарғайған сағыныштың үнiмен.
Күз жылайды күнiмен, күз жылайды түнiмен.
Қайда кеткен, бiлмеймiн, жүректегi құс әнi,
жалғыздықтың құшағы, менi келiп қысады.
Сағыныштың саздары дiр еткiзiп денемдi
жапырақ боп үзiлiп, жапырақ боп ұшады.
Ойларым да дәл қазiр ойларындай ғарiптiң,
көздерiне үңiлем санамдағы жарықтың.
Тұман түсiп кеудеме,
арман менен үмiттiң
ұшатұғын, қонатын аэропорты жабық тұр.
Тұла бойды қыздырып шабыт болып жанбайды от,
қол созым жер көрiнер шексiз, алыс, шалғай боп.
Көкiректен ұшатын жырларым да шып-шымыр
бүрiседi үрпиiп бұтақтағы торғай боп.
Салым суға кеткендей мұнша неге жабықтым,
қайда кеткен, бiлмеймiн, жалын оты шабыттың.
Жүрегiмнiң үстiне жапырақтар үзiлiп,
жүрегiмнiң үстiне күзгi жаңбыр жауып тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі көңіл өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күзгі көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері