Ұшқыш

Бұл бетте «Ұшқыш» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2043
Төбеден
Шаншылып,
Бəрiңе
Əн салып бередi бозторғай.
Одан да
Жоғары
Əрiде,
Ұшады тырналар жезтаңдай.
Əрменде
Бұлттар тұр
Түнерiп,
Қабағы түксиген қап-қара.
Сол маңды
Мекендеп
Жүредi
Жаңбыр да, бұршақ та, ақ қар да.
Одан да
Жоғары
Биiкте,
Ақ шаңқан ұшағың ұшып жүр.
Iшiнде
Ұшқыш бар,
Бiлiктi,
Ол да бiр, самғаған құсың бiр.
Көгiлдiр
Кеңiстiк
Айнала,
Сүйедi ол қашан да биiктi.
Өмiрiн
Қатерге
Байлаған,
Ұшқышқа кең аспан сүйiктi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшқыш өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Ұшқыш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшқыш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшқыш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері