Бұл бетте «Мәңгі екен» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шарабыңды өксіп, сіміріп алып,
Аспанда нота жазып жатырмын!
Ғарыш тірлігіне үңіліп алып,
Дүниеден тірідей озып жатырмын!
Бұл дүниемді бота күйінде –
Құрбандық етіп жібердің бе екен?
Моцарттық сахна ойнап, күйінбе,
Мәңгілік сәтте күлермін бе екен?
Гүл-жүректі , дүние – баудай қып, орып,
Қызыл ақықтай жайраған құлың.
Қан-қызғалдақ жыр таудай қып, өріп,
Оянғанымды тойлағам, бүгін!
Өлместен бұрын өлмек бар, - дейді,
Өліп алғаныма – тәубе етем!
Меніңді жерге жерлеп кел,- дейді,
Махаббаты Оның – мәңгі екен!!!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі