Бұл бетте «Дидарыңды аңсасам» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мөлтілдеген көзем халін сұраған жан бар ма екен?
Өксіп аққан өзен зарын сұраған жан бар ма екен?
Аңыраса, саз-ән, сарын – жылаған жан бар ма екен,
Дидарыңды аңсасам!
Ессіз, анау самал желден сәлем айтып жіберсем,
Алау гүлі шайқатылып, кеудемдегі күрең сең!
Алақаннан сусып кетер, - мына дүние – күл, өңшең,
Дидарыңды аңсасам!
Кешірші, - деп, тәубе-теңіз тереңіне құлаймын,
Жүрегіме сырға салды – Ғарыштағы сыр-айдын!
Пенделіктен ада болып, періште боп, жылаймын,
Дидарыңды аңсасам!
Қыран-қанат құштарлығым – көкке қанат жаясың,
Күн батарда қаныменен жырларымды боясын!
Қияметте нәсіп етші – Аршының саясын,
Дидарыңды аңсасам!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі