Бұл бетте «Ол – сондай күй» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Рухтың жайын ол айтар – егілесің ал келіп
Жаның толқып жатады, ел түсінбес халге еніп.
Мұң шанақтан шығады үкі таққан – сәнденіп
Ол – сондай күй!
Шертпе күйдің шерінде – ғасыр даусы зор екен,
Сазын ұрлап тыңдаған – тентек, ерке жел екен!
Мұң сімірген – ол әуен – теңіз мінез сел екен,
Ол – сондай күй!
Оны жазған жандардың жаны көкке ауған ғой,
Тылсымдағы саусағы – аспан төсін сауған ғой!
Күміс алқа дыбыстар – хал тілінде жауған ғой
Ол – сондай күй!
Жанның жырын айтады – біз секілді сөйлемей,
Көкке барып қайтады, сезім жүрек ой көмей.
Пора-пора жыртылған дәруіштік жейдедей,
Ол – сондай күй!
Оны тыңдап – лағады, Абыз жаның далаға,
Мұз-кеудені шағады, үні отқа тола ма?
Жанып кетем демесең, қос ішекке жолама
Ол – сондай күй!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі