Бұл бетте «Көркемсің Ием» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көркемсің, Ием, көркемнен,
Нұр жұтып алдым, өлкеңнен.
Қара пиғылдар – қарғадай
Күн-сезіміме өртенген!
Сұлусың, Ием, сұлудан,
Алғанда, сенен жылу жан.
Тәтті боп кетті өмірім –
Жұтып алғанда мың удан!
Данасың, Ием, данадан,
Нұрың сұлу – жанды ораған!
Көкке ұшып кеттім, жаныма
Жер беті салған жарадан!
Раззақсың, Ием, Маликсің,
Ұстазы – Әзиз, салихтың!
Ақын боп қалдым – бетінде –
Сен өзің жазған тарихтың!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі