Бұл бетте «Мың гүлді құшақтап тұрмын» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанымда жарқырап өлең
Мен оны халқыма берем.
Жұпары – аңқыған ерен,
Мың гүлді құшақтап тұрмын!
Әрбірі – жырым ғой, шоқ, шын,
Иісі есті алып кетсін!
Өзіңе хош болып жетсін,
Мың гүлді құшақтап тұрмын!
Раушан, қызғалдақ, лала,
Кеудем – сағыныш тола!
Саған – жанда көп, нала,
Мың гүлді құшақтап тұрмын!
Жанымнан ұшып, жарық көп,
Көліме аққу серік кеп.
Жүрегім көктемге еліктеп,
Мың гүлді құшақтап тұрмын!!!
Сұлулық аңқыған қырдан
Нұрына шарпыған бұл таң!
Үзіп ал, сарғалдақ жырдан,
Мың гүлді құшақтап тұрмын!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі