Немерелерім

Бұл бетте «Немерелерім» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1994
Сәби күлкісі – сыңғыры қандай,
Сиқырлы дауыс, бұлбұлы қандай!
Жүрегі пәктің әр күні қардай,
Немерелерім, балапандарым!

Гүлге шомылып, шаттық төгіліп,
Жүрейік, күндерім, нұрға көміліп.

Алды-артымды олар орады, келіп,
Бейкүнә періште – жанары елік!
Күлімдеп, маған, қарады, келіп,
Немерелерім, балапандарым!

Мейірімді кездер – аяулы, неткен,
Бақ сұрап жүрген, баянды көктен!
Қыстан соң күліп, оянды, көктем,
Немерелерім, балапандарым.

Аппақ құстарым – қолыма қонды,
Шықтым, сыймағасын, торыма, енді!
Қызғалдақ екті, жолыма енді
Немерелерім, балапандарым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Немерелерім өлеңінің авторы кім?

Гүлнәр Шәмшиева — осы өлеңнің авторы.

Немерелерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Немерелерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнәр Шәмшиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Немерелерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері