Бұл бетте «Ертегі көл» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таудың алқабындағы нота едім,
Іңірдің суретін салдым, жырмен.
Алаулап, күліп батар едім,
Сәтте, кемпірқосақ күлген!
Ыстығыма күйді, жусан,
Жырым самал боп, өпті, даланы,
Жүрек нөсерімен жусам,
Тазалап, қаланы!
Сыйына риза боп, мәңгі,
Жаббарға жыр арнадым,
Тосын келген жұмбақ таңды
Күтіп алу – арманым!
Күннің алауындай жырым,
Шоғын шашады, әлемге!
Ертегі көлге мөлтілдей бүгін,
Аққуымды алып келемін!
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі