Хал тілі – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Хал тілі» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 745
Гүл көзінен шық тамды,
Мөлдірін-ай!
Қайда апарып жағамын, жан күнін-ай!
Кім түсінер, мүк халді?
Жұмбақ елге – хал тілін-ай!

Сезім бердің, сенделген,
Сегіз түнде!
Ағып барам – жұлдызбен егізбін бе?
Қасіретіме жем бергем –
Семіз, мүлде!

Дүние-ойыншық, қолымнан
Атып ұрдым!
Ұстап алғам, сорымнан- Затын мұңның!
Жүрегімде жанды енді, оты күннің
Зарын ұқшы, жердегі
Жетіміңнің!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері