Бұл бетте «Жалғаншы, жарық дүние!» атты Шәңгерей Бөкеев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғаншы, жарық дүние!
Бізден де бір күн қаларсын.
Піл сауырлы қара жер
Қойныңды ашып, қол жайып
Құшағына аларсың!
Ойқай, сонда күн қараң,
Басыңа ақ тас қойылса
Сөзбен түрлі безенген.
Үстіңе топырақ үйілсе
Шөккен нарға меңзеген.
Тіл кесіліп, үн бітер,
Сайраған мұны жыраудан,
Тыңдаған айтар: «не пайда
Мұндай сөзді жырлаудан?»
Дүние қуған көңілім
Нәпісіменен қарайған.
Хақ диуанға асықтай
Мұрат тапқан құдайдан.
Сонда бір көңілім сап болар,
Жалғыз жатып күңіреніп,
Қазаны ойлап толғаудан.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі