Бұл – сұлу муза

Бұл бетте «Бұл – сұлу муза» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 700
Жанның күлкісі – сыңғыры қандай!
Сыйқырлы дауыс, бұлбұлы қандай!
Жүрегі пәктің әр күні қардай,
Бұл – сұлу муза!

Нұрдың әлемі – орады келіп,
Жырым еркелеп, барады елік!
Күлімдеп, маған қарады неғып,
Бұл – сұлу муза!

Аспандағы сәт – аяулы, неткен,
Бақ іздеп келгем, баянды көктен!
Саңқ еткен даусым, - оянды өктем,
Бұл – сұлу муза!

Бұлт мақта болып, қолыма қонды,
Шықтым, сыймағасын, торыма енді!
Қызғалдақ екті, жолыма енді,
Бұл – сұлу муза!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл – сұлу муза өлеңінің авторы кім?

Гүлнәр Шәмшиева — осы өлеңнің авторы.

Бұл – сұлу муза өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл – сұлу муза өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнәр Шәмшиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл – сұлу муза өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері