Аспанды аңсау

Бұл бетте «Аспанды аңсау» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 719
Төңкерілген қазан сынды теріс қып,
Аспанымды аңсадым.
Бал мен уын жер бетінің бөлістік,
Ал мен бүгін у ішкеннен шаршадым.
Қызық екен мекендестер, жер деген,
Неге бізге бір жола,
Өлетін у бермеген?!
Бұл мекенде күн де жоқ қой,
Бірақ сенсің ең ыстық!
Саған қатты ұнайды,
Қол ұстасып жүре алмайтын кеңістік!
Ұнайды ғой,
Саған осы жер-мекен.
Алыс жақтан айға сырды
Отырасың ақтарып,
Мен жайында жерлесіңе
Айта алмайсың, шаттанып!
Ей, ғизатым!
Миллиардтардың бөлшегі!
Жалғыздығын жұлдыз санап жұбатқан,
Түсініксіз сендер жақтың өлшемі.
Соның үшін бәлкім сені ұнатқам,
Соның үшін жақсы көрем мен сені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспанды аңсау өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Аспанды аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аспанды аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспанды аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері