Сен қандай ұлықсың – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Сен қандай ұлықсың» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 587
Сен қандай ұлықсың!
Сен деп ем, бақ гүлдеді,
Мендегі шоқтың демі –
Жылытар, күллі әлемді
Қаралықты жоятын
От қыл, мені.
Рахмани дыбыс едім,
Тербеген шекті үндегі!

Сен қандай ұлықсың!
Ғибратты – өткенім-ау,
Бекер жас төкпедім-ау!
Азаның елінде өстім,
Сәбидей пәктедің-ау!
Дүниеден адасып қап,
Жүргенде, шетте мынау!

Сен қандай ұлықсың!
Рухыма інжу сыйлап,
Аққу боп, мың қиқулап.
Ғашықтық шарап іштім,
Ғайыптан бір күй тыңдап.

Сен қандай ұлықсың!
Гүдерге көміп тұрсың,
Самғадым, Самұрықтай
Жолыңа болып, қыршын!
Күн сыйлар, жүректерге
Жақұттай, жанып, жыр-шын.

Сен қандай ұлықсың!
Жомарттығыңа тілім жетпейді,
Шын ризалықтан жырыым көктейді.
Өзің жіберген – алапат оттан
Баққа айналды, күлімдеп, қайғы.
Жомарттығыңа тілім жетпейді!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері