Пәкизә көркемім – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Пәкизә көркемім» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 488
Қуанышыма гүл шаштың ба екен,
Ақық, маржаннан жыр шаштың ба екен?
Сенімен нәзік сырластым ба екен,
Пәкизә көркемім!

Сексен көлден інжу тергемін,
Сазымды елге күліп бергемін!
Аршыда Нұр боп, жүріп көргенің,
Пәкизә көркемім!

Алау гүлімді қайда қоям ,- деп,
Күмісімді шашып, қанат жаям кеп.
Ұйқымнан тұрдым, тәтті аян кеп,
Пәкизә көркемім!

Бүгін – от шашу, алаулап күлдім,
Ұқсап тұрмын, бүршігіне гүлдің.
Руханияттың бақшасына кірдім,
Пәкизә көркемім!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері