Күнмен таласпа – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Күнмен таласпа» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 703
Қара тасқа таңбаланып қашалған,
Айдан анық ақиқат бар Алашта.
«Дөңгеленіп Күн батқанда – деді анам, –
Ұйықтама, күрең Күнмен таласпа!».

Ай-апамның бейне күміс шарасы,
Мақпал түнде жұлдыздары нақ ақық.
Дейтін апам: «Екі кештің арасы –
Улап-шулап шайтан көшер уақыт».

Түн келеді қара шашын тарқатып,
Жұлдыздардан тана-моншақ тағынған.
Алты алашым туған Айға тіл қатып,
Сосын анау күрең Күнге табынған.

Тәжім етіп Айға, Күнге, желге де,
Қайтқан қаздай бұл жалғаннан өткенбіз.
Құстарға ұқсап көшіп-қонып жүргенде,
Табиғатпен тамырласып кеткенбіз.

Табиғатты Алаш Тәңір тұтқанда,
Табиғат та тартты уыздан сыбаға.
Күн күркіреп, дүркіреп шөп шыққанда,
Аймалады жүзімізді Күн-Ана.

Дала заңы жоқ Алаштан өзге елде,
Бала қыз ек тыңдап өскен шешені.
Күн батарда ұйықтамаймын, сол кезде,
Жын мен пері түнегіне көшеді.

Күн де батар төбеге ат шалдырып,
Бір сұлулық қонақтатып далаға әр.
Нанымдарын ұрпағына қалдырып,
О дүниеге көшіп кетті бабалар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнмен таласпа өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Күнмен таласпа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнмен таласпа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнмен таласпа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері