Қобызымды кеште сарнаттым – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Қобызымды кеште сарнаттым» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 642
Қобызымды кеште сарнаттым,
Халқымның мұңын паш қылған.
Сыңғырлаған сауытындай сарматтың,
Сарыала саф алтынды жапсырған.
Қобызымнан дастан тыңдаттым,
Ол аумады тасқыннан.

Сыбызғымды бейуақытта сыңсыттым,
Самалдай шөптің басын тербеді.
Шықтарды шөптің көзінен ыршыттым,
Тамшыдай тәтті болды шөлдегі.
Тереңге бойлаймын деп тұншықтым,
Шыңыраудан көкке өрледім.

Қамыстың сабағындай гуілдеп,
Көкірегіне шер толып.
Шаңқобыз бенен уілдек,
Сөйледі маған жел болып.
Төбеде тұрды Күнім тек,
Алтын нұрымен көмкеріп.

Домбырамның бұрауын келтірдім,
Ол жеңіс күйін тарта жөнелді.
Бір ұлыған ойды өлтірдім,
Іште қыңсыламайды ол енді.
Кеудемді ақ толқындарға толтырдым,
Дүниеге әкелдім өлеңді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері