Шыр айналып жанымда шарқ ұрған
Бұл бетте «Шыр айналып жанымда шарқ ұрған» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шыр айналып жанымда шарқ ұрған,
Көрсеқызар біреу ме ең барып тұрған.
Кінә артпайын, көз алмай қарады – деп,
Сәулем шығар көзіңді қарықтырған.
Толағайдай таудай жүк артып алған,
Іздемейін ұсақтық нар тұлғаңнан.
Жол жөнекей өткенде, шұғылалы,
Сәулем шығар өзіңді тартып алған.
Болар ма екен мен үшін жаның құрбан,
Өрлігіңді өрелеп бағындырған.
Кездеріңе мен кінә артпайыншы,
Сәулем шығар жолыңнан жаңылдырған.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі