Бұл бетте «Сен бұрын қайда жүрдің?» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алты айшылық жолдан ассын деп,
Уақыт мені асықтырмады.
Жаттан жиреніп, жанына қашсын деп,
Жақындатпады қашықтың бәрі.
Көлеңкелер мен күнгейлердің де,
Аражігін тапсын деген.
Түймесіндей сонсын үзілген түннің де,
Жұлдыздай саған ақсын деген.
Жасандылықтан мезі болғанда,
Тазалықты аңсасын деген.
Бағасын ұғып мынау жалғанда,
Бақытын іздеп шаршасын деген.
Тағдырдың тиіп таяғы қатты,
Жасымды үзіп, жылап жеткенмін.
Жұмақтай сезіп рахатты,
Құшағыңа құлап кеткенмін.
Сүйген жүрекке ұғындыршы,
Күздің де мынау көктем екенін.
Сені адаспай табу үшін,
Соншама ұзақ жол шеккен екенмін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі