Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 788
Жарығымды талай жарықсыз жанға туралап,
Адастым білем көз байланатын іңірде.
Сәулемді іздеп, жүректерге кіріп сыналап,
Жоғымды таппай, сонда да мүлдем түңілмей.

Сезбедім көптің жылуын маған бергенін,
Кездерім көп қой ызғарда жалғыз үсіген.
Ұсынған қолды қапыда, бәлкім, көрмедім,
Ол-дағы қолын созбады қайта, түсінем.

Шапағатын шашқан Жаратқаныма мың алғыс:
Тарту еткен-ді өзімнен аумаған үшемді.
Жарығымды жағып, мыңдарға сыйлап қуаныш,
Бақытымды таудай, шүкірлік, тұтам місе енді.

Үш өмірім бар қылығы балдай, сөздері,
Үйімді менің ұялап етті Күн мекен.
Жарығыңды жағып туралатқанда, өзгенің,
Жарығына, тәйірі, жолықпағаның да мұң ба екен?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері