Бұл бетте «Мен өзенді айна қылдым» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен өзенді айна қылдым,
Бір періште жанары алаң.
Шағылыстырып Айға нұрын,
Айнасынан қарады маған.
Жүрегіме мың қуаныш қондырдым,
Сыбырладым ол жайлы далама.
Жүрегімнің түкпірінде ол тұрды-
Жанымнан да жақын жан аға.
Бейнесін оның Айға іліп қойдым,
Менен өзгелер көре алмасын деп.
Аймалап іштей айналып тұрдым,
Айменен күндіз жоғалмасын деп.
Көзіміздің сәулелері,
Кезікті де шағылысып қалды.
- Жоғалта көрме сен де енді мені,-
Деді ол маған: - Табыстық мәңгі.
Жассыз жылайтын, жанары құрғақ,
Жүрегімді алдасам ба екен?
Бейне жасадым бәрінен ұрлап,
Айдың бетінен құлатып алмасам екен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі