Сәуле – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Сәуле» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1488
Сәуленің тоңды ызғарға жаны,
Көрік еді ол Күндегі.
Жылап ағатын жұлдыздардағы,
Жарық еді ол түндегі.

Жылуын бәріне дарытты,
Жылуын мүлдем аямады.
Аймалады тоңғанды- ғаріпті,
Құшағын баршаға жаяды әлі.

Жанарынан жылуын жоғалтқандардың,
Жанарына от берді, жандырды.
Жоғалтқандардың оралтты әнін,
Көгіне көктемін әкеп қондырды.

Ал өзі тоңды, қорған іздеді,
Сәуленің тоңатынын ешкім сезбеді.
Қылтиды гүл болып іздері,
Өзін жылыта алмады, жылытты өзгені.

Сәуле деп атын айтуың шын,
Әлі де Жерді әрлейді, гүлдетеді.
Қуат алып қайту үшін,
Ол енді Күнге кетеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері