Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем
Бұл бетте «Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем,
Нұрменен егіз жанымда менің жарық көп.
Жанына бірдің ондық шамдай боп төгілсем,
Мыңдарды мейлі тастамасам да қарық қып.
Жарығын оның жел менен сыздан қалқалап,
Жырымның жайын ойлаймын- дағы жүдеймін.
Түнекке қара кетпесем екен арқалап,
Жер бетінде нұрландыра алса екен біреуді.
Ондық шамдардың сөнетін кезде жарығы,
Таңмен таласа, құйылып кетсем қырларға.
Сәулелі жырым сөнбейді-ау сірә, тамыры,
Аспандағы анау Күнмен жалғанған нұр барда.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі