Ғұнның әні –
Сәулеш Шәтенова
Бұл бетте «Ғұнның әні» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түйелер шөккен төбелер менікі,
Қарсақ қашқан құмдар менікі.
Талыстай белдер менікі,
Күмістей көлдер менікі.
Біздей өткір қамыстар менікі,
Терісі теңбіл барыстар менікі.
Қардың арасынан қылтиған гүл менікі,
Ошақтан шыққан күл менікі.
Таңбалы ту менікі,
Оқ тиген қу менікі.
Арасында қабан қашқан ну менікі,
Даланы кесіп аққан су менікі.
Ұшқан құс талатын дала менікі,
Тастан соғылған қала менікі.
Тасқа басылған дастан менікі.
Жерге төңкерген аспан менікі.
«Менменшіл» ғұнның бір тамшы қанымын ,
Топыраққа сіңген.
Жұмақта жүрген бабамның тастап кеткен жанымын,
Қайтадан жаралған күннен-
МЕН.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі