Жусан жұлдым желге ырғалып қылқиған – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Жусан жұлдым желге ырғалып қылқиған» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 767
Жусан жұлдым желге ырғалып қылқиған,
Ат тұяғының мың-сан дүбірі қиқулап.
Қойтастарға да, обаларға да,
Запырандай ащы күй тұнған.

Құрт сақырлап, қара қазан қайнатып,
Түтін көкке шаншылды.
Тобылғының шоғын жақұттай жайнатып,
Қарғаның қанатындай шашын жайды баршын түн.

Ақ манар сұлудай кезбе Ай,
Бұлтты аралап, сылаң қағып барады.
Жұлдыз болса көздері-ай,
Бір сұлудың тартып тұрған қабағы.

Сұңқылдап байғыз өреде,
Қиссаны ескі жырлайды.
Қорқынышты ертегідей тоңазытқан денені,
Пері менен жын жайлы...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері