Мықты әйел – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Мықты әйел» атты Сәулеш Шәтенова жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 3692
(«...Сильная женщина плачет у окна». Алла Пугачева)

Тозаңдай ем... қара тас боп бекідім,
Тастар мендей жаралады тозаңнан.
Көлік-тірлік жүргіземін тетігін,
Шаршағаным сезіліп сәл жанардан.

Жалғандағы жалғыздығым- айыбым,
Палуанымын өмір атты күрестің.
Быт- шыт болып қалмау үшін қайығым,
Ескегімді ап толқынменен тірестім.

Еркектерше мен де жылай алмаймын,
Тұншыққан-ды жастығыммен қайғы-мұң.
Күзетшіден момын, жуас әлгі бір,
Бес-алты есе көптеу менің айлығым.

Таптап өттім біз өкшеммен мықтыңды,
Тіпті маған дұшпандарым сүйсінді.
Ақыл айтып, ақымаққа ұқтырдым,
Сөз сөйледім мінбелерден қисынды.

...Мықты әйел болма, бірақ, құрбым-ай.
Нәзік болу- мына сенің қаныңда!
Мықты әйел болмас едім мен бұлай,
Мықты еркек кездескенде жолымда.

Рас, кейде қорғансыз боп кетемін,
Тас-талқан боп ұрсам сонсын тағдырға.
...Еске түсіп кетті әйел екенім,
Жылап тұрмын терезенің алдында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мықты әйел өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Мықты әйел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мықты әйел өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мықты әйел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері