Көңіл неден күпті еді – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Көңіл неден күпті еді» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 925
Көңіл неден күпті еді,
Есіркеген кімді кім?..
Талайыма біткені,
Тесік қоржын тірлігім.
Расы осы, расы,
Сенбегенің неткенің?..
Ессіз күнім қыр асып
Екіндіге беттедім.
Қолқаға у тұндырып,
Сайтанды да ұнатқам.
Мен біреуді жынды ғып,
Мені біреу жылатқан.
¬Қиялыңда тозатын,
Сол күндердің бәрі аңыз,
Жауапсыз хат жазатын,
Сүрме кірпік қара қыз.
Сауап атын шақырып,
Арқаладық обалды.
Адастық та аһ ұрып,
Алданбайтын боп алдық.
Көздерім ғой күлетін,
Айтпаңызшы сенем деп.
Өзім ғана білетін,
Ақиқатым өлеңде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл неден күпті еді өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Көңіл неден күпті еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл неден күпті еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл неден күпті еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері