Алтыбақан басында – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Алтыбақан басында» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1440
Қырғыздың «Гүлдесте» вокалды ансамбліне

Түсірді де
Балдай тәтті күнді еске,
Сезім қылын дірілдетті-ау
«Гүлдесте.»
Алып келіп
Қырғыздың ән самалын
Алтыбақан басындағы бұл кешке.
Жүрек тербер
Мұңлы сазы-ай қырғыздың!
Шық боп тұндың
Жанарында бір қыздың...
Шымырлатып
Жан-дүниесін ақынның
Кеудесінде
Бір дауыл күй тұрғыздың.
Бабамыздан қалған
Ортақ мол мұра,
Үн қосқанда
Қомуз бенен домбыра,
Бір соғады
Қазақ-қырғыз жүрегі,
Әуел бастан
Еншісі бір тағдыр, ә...
Көңілдер де
Тауып енді жарасым,
Бір арнада
Тоғысқандай жаңа шын.
Арамызда жатыр
Достық көпірі,
Жалғастырып егіз елдің арасын.
Бүгін, міне,
Айғағындай бір соның,
Қырғыз досым,
Ұсынасың гүл шоғын.
Оттай ыстық сезімімнен өрілген,
Мен де өзіңе
Үзіп берем жыр шоғын...
Шаттық түнеп,
Кеудемізге күн көшсін,
Арманымыз
Арманыңмен үндессін!
Тілегіміз
Тілегіңмен бірлесіп,
Жүрегіміз
Жүрегіңмен тілдессін!
Ортақ бізге
Ойын-сауық, думан бар,
Алтыбақан басында өнер қуғандар.
Шашу етіп
Қырғызымның ән-жырын,
Хош келіпсіз,
Қадірменді туғандар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтыбақан басында өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Алтыбақан басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтыбақан басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтыбақан басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері