Өлең, жыр, ақындар

Шындық осы...

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 829
“Өлеңнің өрті ішіне түскендерге
Кедейшілік Қасымнан мұра қалған”.
Жүрсін Ерман.

«Жарлымын» деп
Қой, бұлай жыламайын,
Шатты-бұтты
Арзан сөз құрамайын.
Аласартып өзімді бекер-босқа,
Ақындықтың тағынан құламайын.
«Жарлымын» деп
Қой, бұлай жыламайын,
Ешкімнен де ештеңе сұрамайын
Десең-дағы,
Тапшылық алдыңды орап,
Жаналқымнан алғалы тұрар дәйім.
Сезіне алмай дүниенің шырын дәмін,
Намыс буып шырқырар шыбын жаның.
Өзіңді-өзің қамшылап
Осы бір сәт
Қосыларсың бәйгеге,
Ұғынғаным...
"Өнерлінің жұлдызы жанып жатыр,
Саудаға сап бағасын алып жатыр,"
Десек-тағы,
Өлеңнін өртін ішкен
Жазба ақындар тасада қалып жатыр.
Оқырманын жоғалтып тозған заман,
Жазба акыннан айтыскер озған заман.
Төрге шығар басыңды
Жерге сүйреп,
Жүйкеңді илеп
Қамырдай созған заман.
Шындық осы...
Ащылау болғанымен,
Сыр алдырмай жүреміз ел қамымен.
Ақындықтың салмағы мың бір батпан,
Басымызға бақ болып қонғанымен.
Алашымның қарсы алып азат таңын,
Аяладым жырымның абат бағын.
Таусылмаған айтары,
Сарқылмаған,
Ақыныңа жар болғай,
Жаратқаным!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқындар

  • 0
  • 0

Өмір дегенің – ұлы айдын,
Жетелеп толқын
Толқынды әр,
Сіміріп нұрын

Толық

Соңғы сөз

  • 0
  • 0

"Актер" болып екеуіміз,
Қойдық талай қойылым....
Қашанғы ойнар екенбіз,
“Мысық-тышқан” ойынын?

Толық

Қайта қауышу

  • 0
  • 0

Ерекше ғой осы күн өзге күннен,
Елжірей кеп көрістік өздеріңмен.
Студенттік шақтардың шарайнасы
Айналайын, шуақты көздеріңнен!

Толық

Қарап көріңіз