Желтоқсан айында

Бұл бетте «Желтоқсан айында» атты Қатира Жәленова жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 694
Бұл даланың
Шыңылтыр қары қайда?
Аязымен денеңді қарымай ма?!
Жылымық күн
Бейжай бір күй кешуде,
Қыстың демі
Ызғарсыз
Әрі майда...
Қалың тұман жиілей жауып көкті,
Төңіректі көрсетпей қауіпті етті.
Қар жауар деп жүргенде әні-міні,
Желтоқсанның ортасы ауып кетті.
Қар жамылып дала,
Шың, құз, бақ бәрі,
Өзен-көлге
Қалыңдап мұз қатпады.
Сезіне алмай
Қыстың қыс екендігін,
Дүниенің бұзылды ырғақтары...
Ағаш біткен үрпиіп қарасады,
«Қайда кеткен
Қыстың бұл тамаша әні?»
Көрдіңіз бе,
Қайсыбір құбылыс та
Өз кезінде болғаны жарасады.
Ұшқынданып көк пен жер арасы кіл,
Жаусын ақ қар!
Бір нәзік тарасын үн!
Үлбіретіп ақ торғын,
Бар асылын,
Табар сонда
Қыс та өз жарасымын.
Шағылысып жататын жарық айға,
Алматының
Ақ күміс қары қайда?
Табиғат та сараңдық етіп кейде
Қыс қарға жарымайды, ә!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желтоқсан айында өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Желтоқсан айында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желтоқсан айында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Желтоқсан айында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері