Көгілдір жыр – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Көгілдір жыр» атты Қатира Жәленова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 676
Көгілдір көктем!
Шуағыңды аямай төгіп келіп,
Тіршілікті ояттың желік беріп.
Сазды әніңмен билетіп балбұлақты,
Гүл боп тұндың далама көріктеніп.
Самалыңмен
Қытықтап балқұрақты,
Қызғалдақтың
Нарт жүзін албыраттың.
Көгілдір дүние
Батқанда көк сағымға,
Нұрын құйды
Көгімнен балбырап күн.
Нәзік гүлдің үзіліп кірпігінен,
Ақ қайыңның
Сырғанап бүршігінен,
Көгердің сен,
Тіршілік нәрін алып,
Жер-ана жүрегінің дүрсілінен.
Ізгілігім – мейірбан көздеріңнен,
Әсемдігім – көгілдір кездеріңнен.
Дархандығым – тым жомарт пейіліңнен,
Бәрін сенен алғанмын...
Бөлме өзіңнен!
Жер-дүние көгілдір кезде мүлдем,
Жүрегіме от алармын
Мен де өзіңнен.
Шабытыма көгілдір қанат бітіп,
Көгілдір жыр өремін сөздерімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көгілдір жыр өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Көгілдір жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көгілдір жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көгілдір жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері