Кел, махаббат!

Бұл бетте «Кел, махаббат!» атты Қатира Жәленова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1276
Жанарымды арбамай
Сағым болып,
Сорым емес,
Жанатын бағым болып,
Жүрегімді өрте де
Жалын болып,
Кел, махаббат,
Арайлы таңым болып!
Мен өзіңмен
Сырласып күн кешемін,
Мен өзің боп
Өмірмен тілдесемін.
Сен болмасаң
Жүрегім тасқа айналып
Мейірімнің де не екенін
Білмес едім,
Ешкімді де
Елжірей сүймес едім...
От сезімге
Қашан да жүрегім бай,
Сүйсем егер
Қалтқысыз сүйем құлай.
Шын сүюдің
Азабын,
Ләззатын
Сен арқылы сезіндім,
Киелім-ай!
Жанарымды
Тек саған бұрам дәйім,
Өзге ешкімнен
Шапағат сұрамайын.
Жарылқа өзің,
Жарылқай алсаң егер,
Ей, махаббат,
Жәудір көз құралайым!
Дұшпаныңа қуаныш –
Құлағаның,
Шалып жығар
Тауып ап бір амалын.
Сүрінсең де,
Жығылмай
Тік тұрып кет!
Мерейімді үстем қып
Қуанайын.
Сенің үшін,
Тұп-тұнық арым үшін,
Жігерімді
Төзімге жаныдым шын...
Қиын сәтте
Дем берер жебеушім боп
Кел, махаббат,
Мәңгілік сағынышым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кел, махаббат! өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Кел, махаббат! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кел, махаббат! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кел, махаббат! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері