Қарашық
Бұл бетте «Қарашық» атты Елена Әбдіхалықова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Фариза Оңғарсыноваға
Елес дүние ессіздікпен
Етегімен үйіріп,
Түбірі жоқ, тексіз біткен
Төбемізге жиылып
Қалған кезде көзсіздіктен
Иман, шыным иіліп,
Сен жаралдың шексіздіктен
Қарашық боп құйылып.
Атаң болып анау Аспан,
Анаң болды жұмыр Жер.
Ар мен мұңы араласқан
А, Құдайым, ғұмыр бер!
Қарашық мұң, дара жүзі.
Бәлкім, дүние-ғайыбы.
Ей, қазақтың қара қызы,
Қыз боп тудың – айыбы.
Махамбетше атқа міндің –
Мыңға тиер қайыры.
Жұртты жеген боқ қарын кім?
Жимай көрсін айылын!
Ей, қазақтың қара қызы,
Сен жұртыңа мәңгі ұлсың!
Бір тамшы мұң – ар азығын
Берші маған –
Жандырсын!
Керемет болып шыққан
Керемет
Керемет өлең
Рахмет бес алдым
Зор шыққан бес алдым
Керемет шыққан екен!
Керемет