Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз – Тұманбай Молдағалиев

Бұл бетте «Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 1
  • 12839
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз,
Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз.
Барлығына уақыт жоқ жететұғын,
Күн көзіне отырып жылынбаймыз.
Қаппаса да қармақты күміс балық,
Ауасымен арманның тыныстадық.
Міндет тауып аламыз өзімізге,
Күні бойы бітпейтін жүмыс тауып.
Арқамызға жүктерін күн артады,
Бақыт тауып аламыз бұдан тағы.
Қуантуға біреуді асығамыз,
Біздерді де біреулер қуантады.
Жеткізсек деп ойлаймыз жас баланы,
Аялайды тіршіліктің асқақ әні.
Көңіл гүлін сыйлаумен тұрғыласқа,
Өмір күнім менің де басталады...


Пікірлер (1)

Самғар

керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері