Жалғыздықты жұбату

Бұл бетте «Жалғыздықты жұбату» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 656
О, Жалғыздық!
Күттім сені көптен мен,
Құба түзден, қанша қысты өткерген.
Құс қанаты құтын алған даладан,
Анау қыздан
Мені сүйіп, жек көрген...
Мият тұтпай өмір берген аз әнді,
Бәлкім, сенің аз алғам жоқ мазаңды.
Аспан тіптен ашқан емес қабағын,
Қазір тағы беріп жатыр жазамды.
«КҮТУ» дейді ел –
Күте-күте талыққам,
Тіпті, күдер үзгем түнгі жарықтан.
«ТАМҰҚ» дейді ел –
Табанымен кешкендей,
(Онсызда мың кешіп жүрміз сескенбей).
Мені жылап отыр дейді біреулер,
Іңір жылап отырғанын ескермей.
Кел, кел, Достым!
Есігімді қақпа, кір,
Жүрек шіркін жарылатын шақ па бұл?.
Сенің қайғың – үнсіздікке жұтылу,
Менің қайғым – суық жел боп бақта жүр...
Жат еді онда – скрипка үні,
Би кеші,
Өмір,
Өлім,
Тұрушы еді үйлесіп.
...Сенесің бе?
Сенің мұздай мүрдеңді
Өте шыққан қақпа алдынан сүйретіп...
Сен айтқансың:
Мүлде мекен жоқ менде,
Мен айтқанмын:
Ұқпайды деп көп пенде.
...Жым-жырт түнде түс суретін салайық,
Онсызда бұл мағынасы жоқ көктемге...
Кел, Достым!

21. 04. 2013


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздықты жұбату өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздықты жұбату өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздықты жұбату өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздықты жұбату өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері