Арту, арту бел келсе – Бұқар жырау

Бұл бетте «Арту, арту бел келсе» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 0
  • 16311
Арту, арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп,
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе,
Азулы сөйлер жүгініп.
Жал, құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз!
Қалын малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат болмас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.
Садыр, қайда барасың,
Сарысуды көбелеп?
Сен қашсаң да, мен қойман,
Арғымағым жебелеп.
Енді алдыңнан шығайын
Қар, жаңбырдай себелеп.
Ежелгі дос жау болмас,
Шірнеуіште хаты бар.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Көңілінде кірдің таты бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арту, арту бел келсе өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Арту, арту бел келсе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арту, арту бел келсе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арту, арту бел келсе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері