Кәсібін қоймас ұры адам
Бұл бетте «Кәсібін қоймас ұры адам» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ауру, жоқтық... және өлім
Қолымда көп дәлелім.
Лақтырылған сүйекке
Таласады әлі елім.
Ел емес, елге ұқсарлар,
Әрине, «шөпкетышарлар».
Жегені желім боп шығып,
Бір күні қан құсарлар.
Қақпанға түсіп, қақсаған,
Көнбейді ымға, бопсаға.
Дәніккен «Қарсақбайларым»,
Әділет соты жоқ саған.
Қарамас көзге жылаған,
Кәсібін қоймас ұры адам.
Алады бәрі, береді,
Бермейтін елде – бір адам!
Қоғамның жүзі – пара бет,
Апарар қайда арам ет?
Алладан аяқ тартпаған,
Берген де, алған – қарабет!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі