Тас жүректен махаббат күттім – Ханбибі Есенқарақызы

Бұл бетте «Тас жүректен махаббат күттім» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 1
  • 2754
Тас жүректен махаббат күттім,
Тас мейірден шапағат күттім.
Жанбады!
Көзімнің жасын сықтым.

Алақаннан жылылық күттім,
Адамдардан ұлылық күттім.
Алдады!
Көзімнің жасын сықтым.

Тұлғалардан ірілік күттім,
Өлген ем. Тіріліп күттім.
Болмады!
Көзімнің жасын сықтым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Жания

Ханбибінің жырлары,жүректен жүрекке жетеді.Сондай шынайы,сүйсініп,құмарың қана оқисың.

Осы автордың басқа өлеңдері