Бұл бетте «Қазағымның базары тарқағалы» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазағымның базары тарқағалы,
Нәзік жаным ауыр мұң арқалады.
Махаббаты мерт болған – Қыз Жібектей,
Елестейді Жайықтың жарқабағы.
Қарсы емеспін нарықтың дамуына,
Көне көрпе көнбей тұр қабуына.
Әкімдер ме кінәлі, әлде халық,
Түйесі ме, қисығы, жабуы ма?
Жұртын тонап, қоғамды асағандар,
Ел дәулетін сімірген лас адамдар.
Неге жауап бермейді ел алдында,
Әлеуметтік қылмысты жасағандар?!
Бір шикілік бар-сынды осы арада,
Тәуелсіздік қалғандай босағада.
Қанжылатқан халықтың дұшпандары,
Бұқпантайлап жатқандай «Қособада»!..
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі