Пендемін
Бұл бетте «Пендемін» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Періште емес – пендемін,
Мәңгі емеспін – демдемін!
Көрдім талай мықтының,
Мықыны көктен келгенін!
Періште емес – пендемін,
Көкте емеспін – жердемін.
Бағаламас бақырға,
Бақ қонғанын көргемін!
Тасасында иықтың,
Шындыққа бас иіппін.
Шаужайына жармаспай,
Үзеңгісі биіктің!
Арман - өлмей, көктедің,
Сезімімді шектедім.
Шотын шауып біреудің,
Көтермедім кетпенін!
Періште емес – пендемін,
Астана емес – елдемін.
Билік айтпай – қоқаңдап,
Жәй жүрсем де - өлмедім!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі