Жұмбақтас
Бұл бетте «Жұмбақтас» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бірде – кемпір, бірде – қыз,
Су кешіп тұр іргеңіз.
Сіз отырған қайықтан,
Білінбейді жүрген із.
Ешкімге тәу етпейсіз,
Қозғалып та кетпейсіз.
Күншығыстан жол тартып,
Күнбатысқа жетпейсіз.
Айдын көлге құмарсыз,
Мойындағы тұмарсыз.
Сүйгеніне жетпеген,
Ханның қызы шығарсыз!
Бұл махаббат-шөл екен,
Қасіреті мол екен.
«Мақсатыңа жетпе!» деп,
Қарғады ма, Хан - әкең!?
Қайырлады қайығың,
Табылмады лайығың.
Тас боп қалар соншама,
Ауыр ма еді, айыбың?
Ғасыр өттің ,жыл бақтың,
Шаршадыңыз, қымбаттым.
Бірақ, жалғыз емессіз –
Мен де - таспын, жұмбақпын!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі