Бұл бетте «Елге оралу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(аударма)
Біз оралдық туған елге,
ортасына дос, бауырдың.
Білім алдық өзге жерде,
нанын жедік басқа ауылдың.
Ата жұртты аңсап келдік,
даласы кең, асқары – шың.
Туған елге барсақ дедік
жаңа өмірді бастау үшін.
Тербетеді дала жанды,
асқақ күй мен жыр отаны.
Құшақ жайды Қарағанды –
Отанымның бір отауы.
Көркейтеміз бұл қаланы,
өмір кешіп сәнді, мәнді.
Ертеңіміз нұрланады,
біз біргеміз енді мәңгі.
Қыран самғап шыңдарына
ұя салар қиясына.
Кең даланың ұлдары да
оралады ұясына!
АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі